Қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы Назым Қазыбай қарсыласын жеңді
elements.envato.com
Boxam Elite-2024 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақcтандық боксшы Назым Қызайбай Ла Нусияда (Испания) өтіп жатқан Boxam Elite-2024 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Португалия өкілі Рита Соарешпен кездесіп, оны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен сенімді түрде жеңді, есеп 5:0.
Осылайша қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік алды.
Қазақстандық Айдана Забынбекова да турнирді сәтті бастады: ол 1/8 финалдық кезеңде филиппиндік Риза Пасуитпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында дүбірлі көкпар сайысы өтті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06