Криштиану Роналдудың ұлы шетінеп кетті
Фото: ашық дереккөзден
Былтыр қазанда "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду егіздердің әкесі болатынын хабарлаған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Криштиану Роналдудың жаңа туған ұлы шетінеп кетті. Бұл хабарды оның өзі естіртті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Сәбиіміздің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Бұл - кез келген ата-ана үшін ең ауыр қайғы. Дүниеге келген қызымыз осы сынақты еңсеруге күш береді", - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.
Былтыр қазанда "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду егіздердің әкесі болатынын хабарлаған еді.
37 жастағы португалиялықтың төрт баласы бар: 2010 жылы туған Криштиану, 2017 жылы суррогат анадан туған Ева мен Маттео және 2017 жылы Джорджина Родригез дүниеге әкелген Алан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46