|
28.10.2019 | 10:53
6097

Алматыда футболдан халықаралық турнир өтеді

Халықаралық турнирдің ерекшелігі - командалар Мұхтар Әуезовтің шығармаларымен аталмақ

Алматыда футболдан халықаралық турнир өтеді qazaquni.kz

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  шағын  футболдан халықаралық турнир өтеді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатындағы турнирді Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімі аппараты ұйымдастыруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Халықаралық турнирдің ерекшелігі - командалар  Мұхтар Әуезовтің шығармаларымен аталмақ.

«Абай жолы» командасы, «Көксерек» командасы, «Қилы заман» командасы, «Қараш-Қараш» командасы болып.

«Турнирге «Қайрат» футбол клубының Президенті Құралбек Досжанұлы Ордабаев, ҚР футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Икармұлы Байшақов,  ҚР Мемлекттік  олимпиада жаттықтырушысы Болатбек Смағұлұлы Джуасбаев,  «Қайрат»  футбол командасының ардагері, спорт коментаторы Диас Омаров, КСРО бойынша футболдан Қазақстанның Тұңғыш Олимпиада чемпионы Евгений Викторович Яровенколар қатысады. Сонымен қатар, Халықаралық жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, т.б. шетелдерден командалар келеді және елімізге белгілі спортшылар, Олимпиада жеңімпаздары, футбол ардагерлері турнирдің құрметті қонағы болады. Көрермендерге лотореялық билеттер ойнатылады», - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, турнир 28-29 қазан күндері сағат 12:00-де  Алматы қаласының Орталық паркі «Спартак» стадионында өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир