Қазақстандық боксшы әлем чемпионын жер жастандырып сенсация жасады
Depositphotos.com
Ол 71 келі салмақ дәрежесіндегі жапондық Севонрец Окадзавамен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Отандасымыз Ермахан Жақыпбеков Астанада өтіп жатқан 2023 жылғы "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде әлем чемпионын жер жастандырып сенсация жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Жақыпбеков жапондық Севонрец Окадзавамен кездесіп, оны 3-0 есебімен ұтты.
Айта кетсек, Севонрец Окадзава 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы. Ермахан Жақыпбековке келетін болсақ, ол - жастар арасындағы Азия чемпионы. "Елорда Кубогындағы" алғашқы жекпе-жегінде ол Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36