Иордания астанасы Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатын аяқталды. Қазақстан жүлделер кестесінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде бірінші орынға тұрақтады. Біздің боксшылар 6 алтын, 7 күміс пен 8 қола медальді жеңіп алды. Екінші орынға Өзбекстан (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) жайғасса, үздік үштікті Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 5 қола) түйіндеді.
Алтын
Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (-92 кг), Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг)
Күміс
Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг), Гүлсая Ержан (81 кг)
Қола
Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мадина Нұршеева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81кг)
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!