Анастасия Городко Еуропа кубогі кезеңінде топ жарды

15.02.2020 16:10

Ресейлік спортшы Светлана Иванова үшінші орыннан көрінді

inform.kz

Ювяскюлде (Финляндия) фристайл-могулдан Еуропа кубогінің кезеңі басталды. Аталған  додада Қазақстан командасы бір алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Анастасия Городко жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Нәтижесінде үздік атанып, ел қоржынына бір алтын медальді салды. Жарыс қорытындысы бойынша германиялық Ханна Весса екінші болса, ресейлік спортшы Светлана Иванова үшінші орыннан көрінді.  Ал тағы бір қазақстандық спортшы Олеся Граур жарысты бесінші орынмен аяқтады.