Алматыда Жақсылық Үшкемпіров жүлдесі сарапқа салынады

Алматыда Жақсылық Үшкемпіров жүлдесі сарапқа салынады
Жеңімпазға алтын белбеу табыс етілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды. Елімізде белдесуден тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа тілшімізде қатысып қайтқан еді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

«Алматы қаласында ғана емес, мұндай турнир Қазақстанда тұңғыш рет өтіп жатыр. Белдесуді өткізудегі мақсат –  қазақ күресі, грек-рим, еркін күрестерін насихаттау», – деді алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат ҚИҚЫМОВ.

Аталған жарысқа  Қырғызстан, Өзбекстан басқа да алыс жақын шетелдерден 80-нен аса спортшы бақтарын сынауда. Жарыстың жүлде қоры – 1 миллион теңге. Бабы келіскен палуандар жүлдені сарапқа салуды бастап кетті. Сайыстың  бас төрешісінің айтуынша белдесуге еліміздің ең мықты спортшылары қатысып жатыр.

Новости партнеров