2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді
championat.com
Бұл туралы Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеме жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді. Мұндай шешімді қабылдауға "Омикрон" штамының таралуы себеп болды. Спорттық шараның қашан өтетіні әзірге белгісіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеме жасады.
"Африка елдерінен келген спортшылар коронавирусқа байланысты 10 күнге оқшаулану керек", – деп мәлімдеді Швейцария билігі.
Универсиада 2021 жылдың желтоқсан айында Швейцарияның Люцерн қаласында өткізілуі керек еді. Қатысушылар қатарында Қазақстан студенттер құрамасы бар. Бұған дейін де қысқы Универсиада 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанға шегерілген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33