Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші таймда гол соғылмады. Екінші таймның басында «Астана» ойыншыларының анда-санда қарымта шабуылдарға шығатын мүмкіндігі болды.
Қазақ клубын әбден қыспаққа алса да гол соға алмаған «қызыл сайтандар» 66-шы минутта алаңға Лингард пен Матаны шығарды. Ал 73-ші минутта Гринвуд Мейсон қорғаушы Ротариуды алдап өтіп, ағылшын жанкүйерлерінің ұзақ күткен голын салды.
«Манчестер Юнайтед» бүкіл ойын бойы шабуылда болды, Ненад Эричтің еңбегі болмағанда, «Астананың» ірі есеппен ұтылатаны анық еді.
L тобының қатар өткен ойынында Сербияның «Партизаны» өз алаңында Голландияның «АЗ Алкмарымен» 2:2 есебімен тең түсіп, ұпай бөлісті.
Еуропа лигасы топтық кезеңінің екінші туры 3 қазанда өтеді: «Астана» Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:50-де өз алаңында «Партизанды» қабылдайды, екі сағаттан кейін Голландияда «АЗ Алкмар» - «МЮ» кездесуі басталады.