Бибісара Асаубаева шахмат фестивалінде жеңіске жетті

08.03.2024 в 15:17

Жарысқа қатысушылар саны 500-ден асты

instagram.com/committee_sport

Бибісара Асаубаева Мәскеуде аяқталған «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орын алды.

Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз қарсыласын нокаутпен жеңді