Боксшылар екі рет Лас-Вегаста жұдырықтасқан
DAZN стриминг қызметі қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы көктемде өткізуге мүдделі. Бұл туралы платформамен жүрізуші ретінде жұмыс істейтін америкалық Sport Illustrated басылымының журналисті Крис Мэнникс хабарлады.
Мұның алдында "Канело" бірінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жекпе-жек өткізу туралы келіссөз өткізгені белгілі болды. Мексикалықта бұл дивизионда WBA "регуляр" белбеуі бар, деп хабарлайды vesti.kz.
Алайда DAZN басшылығы Альваресті Головкинмен жұдырықтасуға көндірмек екен.