Қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько көз жұмды

24.01.2021 16:19

2012 жылы Квебекте Денис Волоткамен командалық спринтте жеңіп, Әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Eurosport

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Николай Чеботько жазатайым оқиға салдарынан қаза тапты. Бұл туралы Қазақстанның шаңғы жарысы федерациясы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Николай Чеботконың мансабының шыңы 2013 жылы Валь-ди-Фьеммада өткен Әлем чемпионаты болды, онда ол Алексей Полторанинмен бірге командалық спринтте қола медаль жеңіп алды.

2012 жылы Квебекте Денис Волоткамен командалық спринтте жеңіп, Әлем Кубогының жеңімпазы атанды.

2020/21 жылғы маусымнан кейін Николай спорттық мансабын аяқтап, Ақмола облысының жастар командасының аға жаттықтырушысы болуды жоспарлаған еді. Алайда спортшы Ақмола облысы Бурабай ауылы маңында болған жол апатынан көз жұмды.


Дереккөз: Eurosport