Америкалық Дастин Порье ирландиялық Конор Макгрегорді реваншта жеңді

24.01.2021 16:48

Бұл олардың екінші жекпе-жегі болатын

sport.ru

Америкалық Дастин Порье ирландиялық Конор Макгрегорді реваншта жеңді. Кездесу Әбі-Дабиде (БАӘ)  UFC 257 турнирі аясында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл олардың екінші жекпе-жегі болатын. Алғашқы кездесуі 2014 жылы өтіп, онда Макгрегор бірінші раундта жеңген еді.

Осы кездесудің бірінші раундында олар бір-біріне ауыр соққа жасады. Екіншісінде Порье қатты шабуыл жасағандықтан рефери кездесуді тоқтатты.