|
20.10.2023 | 11:20
472

Мессидің «Интер Майамидегі» жалақысы белгілі болды

Ол франциялық ПСЖ клубында екі маусым ойнап, маусымда «Интер Майамиге» ауысты

Мессидің «Интер Майамидегі» жалақысы белгілі болды Ariel Schalit/AP

Солтүстікамерикалық бас футбол лигасы (MLS) – «Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің базалық айлығы – 12 млн доллар. Сондай-ақ ол кепіл өтемақысы ретінде тағы 20,45 млн доллар алады. Бұл туралы MLS ойыншыларының кәсіподақ сайтында мәлім етілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Интер Майамиде» Мессимен бірге оның испаниялық «Барселонадағы» әріптестері қорғаушы Жорди Альба мен жартылай қорғаушы Серхио Бускетс ойнайды.

Альбаның базалық жалақысы – 1 млн доллар, кепіл өтемақысы – 1,25 млн доллар. Ал Бускетс базалық айлық ретінде 1,5 млн доллар, өтемақы ретінде 1,775 млн доллар алады.

Месси франциялық ПСЖ клубында екі маусым ойнап, маусымда «Интер Майамиге» ауысты. Жаңа клуб құрамында ол 13 матч өткізіп, 11 гол соқты, 5 рет нәтижелі пас берді.

Онымен бірге 2018 жылы негізі қаланған «Интер Майами» тарихтағы алғашқы жетістігі – Лига кубогіне қол жеткізді.

Месси 36 жаста. Ол – марапат саны бойынша рекорд иесі, еншісінде 44 титул бар. 2003 жылдан 2021 жылға дейін Месси «Барселона» құрамында болып, 10 рет Испания чемпионы атанды. 8 рет Испания Суперкубогін, 7 рет Испания Кубогін жеңіп алған, 4 рет Чемпиондар лигасында, 3 реттен УЕФА суперкубогі мен клубтық әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.

2021 жылы ол жылдың үздік футболшысына берілетін «Алтын допқа» 7-рет ие болып, рекорд жасады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Месси
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир