Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыс күні басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, алғашқы жарыс сағат 9.00-де «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда жамбы ату, яғни ат үстінде садақ ату бойынша спортымен басталды.
«Бүгін спортшылар «мажар» стилі бойынша сынға түседі. Мергендерімізге сәттілік тілейміз!», - делінген министрлік хабарламасында.
Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады деп хабарланды.
Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.
8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:
ЖАМБЫ АТУ
09:00 – 09:40 - 1 топ
09:50 – 10:30 - 2 топ
10:40 – 11:20 - 3 топ
11:30 – 12:10 - 4 топ
12:20 – 13:00 - 5 топ
13:10 – 13:50 - 6 топ
14:00 – 14:40 - 7 топ
14:50 – 15:30 - 8 топ
15:40 – 16:20 - 9 топ
16:30 – 17:10 - 10 топ
17:20 – 18:00 - 11 топ
19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі
Айта кетсек, ойындардың ашылу салтанаты бүгін, 8 қыркүйекте сағат 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.
Барлық спорттық шара мен ашылу салтанаты Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
Ойындарға 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Ойындар 8-13 қыркүйек аралығында жалғасады.
Оқи отырыңыз: Көшпенділер ойындары кезінде 400-ге жуық шетелдік БАҚ хабар таратады