Еліміз үшін тарихи медаль: Геннадий Головкин қазақстандық спортшыны құттықтады

Фото: Instagram/gggboxing
Фото: Instagram/gggboxing
Шорт-тректен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин қазақстандық шорт-трекші Денис Никишаны Голландияда өткен әлем чемпионатындағы тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.  Еске сала кетейік, 16 наурызда шорт-тректен әлем чемпионатында 28 жастағы Никиша Қазақстан тарихындағы алғашқы медальді алды. 

Ол 500 метрге жарыстан күміс жүлдеге ие болды. 

- Сізді және жаттықтырушыларыңызды шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл марапат мұз айдынындағы көп жылғы еңбектің, тәртіп пен табандылықтың нәтижесі. Осымен тоқтап қалмай, қазақстандық жанкүйерді жаңа жетістіктеріңмен қуанта бер! - деп Головкин спортшыны құттықтады. 

Шорт-тректен әлем чемпионаты жексенбіде, 17 наурызда аяқталады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшылар олимпиада ойындарының 7 лицензиясына ие болды

Новости партнеров