|
30.11.2019 | 11:24
3053

"Дұрыстап ойнаңдаршы": Отандық футболшыларға өтініш айтқан балақай желіні жарды (видео)

Кішкентай футбол жанкүйерінің видео үндеуі Instagramда пайда болған

"Дұрыстап ойнаңдаршы": Отандық футболшыларға өтініш айтқан балақай желіні жарды (видео) © REUTERS / SCANPIX DENMARK

Қазақстандық жасөсіпірім "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" матчы кезінде отандық футболшыларға арнап видео түсірген. Ол бейнежазбасында қазақстандық аяқдопшылардан ұятқа қалдырмай, жақсылап ойнауды өтінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Кішкентай футбол жанкүйерінің видео үндеуі Instagram парақшасында пайда болған.

Ол бейнежазбаны "қызыл сойқандар" бірінші есеп ашқаннан кейін жазса керек.

"Айтыңдаршы жігіттер бізге неге нашар ойнаймыз. Жігіттер, дұрыстап ойнаңдаршы! Кезекті рет ұтылып жатқанымызды көру мен үшін ұят. Мен сіздерден өтінем, дұрыстап ойнауды үйреніңдерші. Мен сіздерге үш жасымнан бері жанкүйермін", - дейді видео авторы.

Еске сала кетейік, 28 қараша күні Нұр-Сұлтанда "Астана" командасы мен әйгілі ағылшын клубы "Манчестер Юнайтед" арасында тарихи матч өтті.

Бұл ойында қазақстандықтар сенсация жасап, "қызыл сойқандарды" 2:1 есебімен жеңген болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир