Жекпе-жеке 27 қарашада АҚШ-тағы бокс кешінде өтеді
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға қазан айында өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Олимпиада чемпионы 27 қарашада АҚШ-та өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Кештің басты жекпе-жегінде Дэниэл Джейкобс пен Габриэл Росадо кездеседі.
Данияр Елеусіновтің қарсыласы Намибия өкілі Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) болмақ. 37 жастағы бұл боксшы бірінші жартылай орта салмақта үш нұсқа бойынша (IBF, IBO және WBA (Super)) әлем чемпионы болған.
«Джулиус – аса тәжірибелі боксшы. 2008 жылы өткен Бекин Олимпиадасына қатысқан. 2009 жылы кәсіпқой боксқа бет бұрған. 2016 жылға дейін Джулиус өз отанында 20 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңілген жоқ. 2016 жылдың көктемінде Индонго Ресейде екі тұжырым бойынша әлем чемпионы (IBO, IBF) Эдуард Трояновскийді бірінші раундта нокаутқа жіберіп, сенсация жасады. Осыдан кейін бокс әлемі Индонгоны таныды», - делінген хабарламада.
2017 жылы африкалық боксшы Ұлыбританияда Рики Бернсті жеңіп, тағы бір маңызды белбеу - WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атақты жеңіп алды.
Индонго тіпті сол жылдың өзінде абсолютті әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болған. Бірақ екінші сенсация орын алған жоқ. 2017 жылы 19 тамызда америкалық Теренс Кроуфордтан (36-0, 27 КО) жеңіліп, чемпиондық белбеулерді біріктіре алған жоқ. Бұл намбиялық боксшының мансабындағы алғашқы жеңілісі болатын.
Осодан кейін Индонго WBC уақытша чемпиондығы үшін өткен жекпе-жекте америкалық Реджис Прогрейстен жеңілді.
2019 жылы Джулиус тек бір ғана жекпе-жекті өткізді. Бұл жолы америкалық Карлтавиус Джонс Джонсонды нокаутпен жеңген. Содан бері ол шаршы алаңға шыққан жоқ.
Ал Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізді. Ол кезде америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.