Шавкат Рахмоновтың UFC 296 турниріндегі табысы белгілі болды

фото: sports.kz
фото: sports.kz
Ол Стивен Томпсонды жеңгені үшін қанша қаламақы алатынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

MMA.Metaratings.ru порталы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды жеңгені үшін қанша қаламақы алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

«Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды тұншықтырып (бұған дейін ешкім олай жасай алмаған), UFC аясындағы алтыншы жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіп, белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін айтты. Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі титулдық жекпе-жек болатынына күмәніміз бар. MMA Salaries мәліметі бойынша, Томпсонды жеңгені үшін Рахмонов мансабындағы ең жоғары гонорарды алды – 306 мың доллар (шыққаны үшін - 150, жеңгені үшін - 150, демеушілік бонустары үшін - 6 мың доллар).

Алайда, жеңіске жеткенімен, Шавкат табыс жағынан Томпсонды басып оза алмады. Стивен промоушенде ұзақ уақыттан бері өнер көрсетіп келеді, бір кездері белбеу үшін де жұдырықтасқан. Сондықтан оның банктік шотына әлі күнге дейін жоғары сома түсіп тұрады. UFC 296-дан кейін америкалық 416 мың долларға байыды (400-і шыққаны үшін және 16-сы демеушілердің ынталандырулары)», - деп жазады БАҚ.

Новости партнеров