|
28.07.2024 | 11:28
651

Әуежайлар мен вокзалдар Олимпиада чемпиондарының суретімен безендірілді

Бұл жазу күндіз де, түнде де жолаушыларға көрініп тұрады

Әуежайлар мен вокзалдар Олимпиада чемпиондарының суретімен безендірілді ҚР Көлік министрлігі

Қазақстанның әуежайлары мен вокзалдары Олимпиада чемпиондарының суретімен безендірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Еліміздің көлік инфрақұрылымының барлық нысаны қазақстандық спортшылардың фотосуреттерімен безендірілді. Көлік министрлігі Олимпиаданың алғашқы жүлдегерлерін шын жүректен құттықтайды», – деп мәлімдеді Көлік министрлігі.

Еліміздің ірі әуежайлары мен вокзалдарындағы дәл қазіргі көрініс. Көлік саласының қызметкерлері (теміржолшылар, авиаторлар, жолшылар) қазақстандық спортшыларды Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңістерімен құттықтап жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ да қазақстандықтарды алғашқы Олимпиададағы жеңіспен ерекше құттықтады. Олар жолдың бойында орнатылған экрандардан құттықтау жазбалар жариялады. Бұл жазу күндіз де, түнде де жолаушыларға көрініп тұрады.

«Ислам, Александра жарайсыздар! Республикалық маңызы бар Алматы-Қапшағай, Қапшағай-Талдықорған, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Қызылорда, Астана-Павлодар автожолдарында осындай құттықтау хабарлама жарияланды. Еліміздің спортшыларына жеңіс тілейміз. Қазақстан алға!» - деп жазды компания.

«Елдос Сметов, азамат! Барша қазақстандықтарды алғашқы алтын медальмен құттықтаймыз. Еліміздің барлық республикалық маңызы бар автомобиль жолында спортшымыз Елдос Сметовты жеңісімен құттықтадық. Жолда келе жатқан жүргізуішілер мен жолаушыларға осындай сүйінші хабармен бөлістік. Енді Олимпиада ойындары кезінде жол пайдаланушыларға соңғы ақпаратты осы экрандардан жариялаймыз», – деді кейінірек «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ.

Қазақстан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды. Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

Оқи отырыңыз: Елдос Сметов – Олимпиада ойындарының алтын медаль жүлдегері


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир