Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
karate.ru
Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (56-1-2, 38 КО) 2022 жылы жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Головкиннің промоутері Том Леффлердің мәлімдеуінше, қазақстандық боксшы рингке биыл желтоқсан айында оралады. Бірақ қарсыласы әлі ресми хабарланбады. GGG жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) күш сынасуы мүмкін.
Леффлердің сөзінше, Головкин мен Альварес арасындағы трилогия 2022 жылы өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16