Қазақстандық теннисші 1 сағат 43 минутқа созылған матчта 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті
Қазақстандық, әлемнің 104-ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген З. Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған бразилиялық Майя Хаддад Беатриспен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 43 минутқа созылған матчта 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
З. Дияс финалда әлемнің 78-інші, осы доданың 1-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен бас жүлдені сарапқа салады.