|
15.06.2022 | 11:31
2649

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық команда анықталды

Құрлықаралық өтпелі ойында олар Жаңа Зеландияны 1:0 есебімен сүріндірді

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық команда анықталды ашық дереккөз

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлем чемпионаты финалдық сатысына берілген соңғы жолдамаға Коста-Рика құрамасы ие болды. Құрлықаралық өтпелі ойында олар Жаңа Зеландияны 1:0 есебімен сүріндірді.

Осылайша дүбірлі додада бақ сынайтын барлық құрама анықталды.

A тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды;

B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс;

C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша;

D тобы: Франция, Дания, Тунис, Австралия;

Е тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика;

F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия;

G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун;

H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Австралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Әлем чемпионаты биылғы 21 қараша мен 18 желтоқсанда Катар мемлекетінде өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жарыс лига
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир