Қазақстан Азия ойындарына толық құраммен аттанады

29.08.2023 16:32

Қытайдың Ханчжоу қаласында кезекті Азия ойындары өтеді

Ашық дерек көзінен

Алдағы қыркүйектің соңғы аптасында Қытайдың Ханчжоу қаласында кезекті Азия ойындарының алауы тұтанады. Сарықұрлық додасында алғаш рет бокстан Париж олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Сарықұрлық додасына өте жоғары деңгейде дайындалып жатырмыз. Қазір Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында спортшылар тауға шығып, дене дайындығымен жаттығуда. Соңғы қорытынды жаттығу Түркістан қаласында өтеді. Бұйырса, 20 қыркүйекте Алматыдан Ханчжоу қаласына аттанамыз, - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Ханчжоуда боксшылар арасында алғаш рет Париж олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынбақ. 

- Өздеріңіз білесіздер, соңғы кездері бокста көптеген өзгерістер болды. Бұрын боксшылар олимпиада ойындарында он салмақта сынға түссе, қазір оның үшеуі қысқарып, жеті салмақ қана қалды. Атап айтсақ, Париж төрінде ерлер 51, 57, 63,5, 71, 80, 92 және + 92 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Сарықұрлық додасында да осы жеті салмақтан финалға шыққан қос боксшы олимпиада жолдамасын қанжығаларына байлайды, -деді Мырзағали Айтжанов.

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады