Алмалы ауданында көше жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

29.08.2023 16:45

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты

ашық дереккөзден

Алматыдағы Алмалы ауданының әкімдігі 2023 жылы 46 мың м2 көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бүгінде 17 мың м2 жолды қалпына келтіріп, қазанның соңына дейін тағы 29 мың м2 жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

"Орталықсыздандыру аясында осы жұмыстарға аудан әкімдігіне 800 млн теңге бөлдік. Ауданның тротуарларын жөндеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде  Панфилов даңғылынан Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейін, Досмұхамедов көшесі – Гоголь көшесінен 11- үйге дейін, Төреқұлов көшесі - Сейфуллин даңғылынан Алматы теміржолына  дейін, Әуезов көшесі-Қабанбай батыр даңғылынан Төле би көшесіне дейін 5 көше бойынша 2,2 км тротуар желісіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Масаншы көшесі-Жамбыл көшесінен Төле би көшесіне дейін. Қазан айының соңына дейін тағы 2 көше бойынша тротуарларды ретке келтіреміз: Төле би - Шоқин көшесінен Байзақов көшесіне дейін және Райымбек даңғылы - көшеден. Әуезов көшесіне дейін жалпы ұзындығы 1 км", - деді Ерболат Досаев.