|
30.09.2023 | 21:20
3065

1 қазанда жыл сайынғы Алматы марафоны жарысы өтеді

Мәреге жеткен қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады

1 қазанда жыл сайынғы Алматы марафоны жарысы өтеді traingain.org

Алматы марафоны - Орталық Азиядағы ең ірі жарыс, биыл 1 қазанда он екінші рет өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы марафоны AIMS Халықаралық жарыстар мен жүгірулер қауымдастығына кіреді, марафон трассасы World Athletics стандартына сәйкес сертификатталған. Биыл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 15 000 спортшы қатысады.

Марафонға 15 жастан асқан тілек білдірушілер 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріске және Экиден командалық эстафетасына қатысуға болады. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған. Мәреге жеткен қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады. Сонымен қатар ерлер мен әйелдер арасындағы жас санаттарындағы үздік үштік медальмен, грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталады. 21,1 км және 42,2 км абсолютті жеңімпаздарда ақшалай сыйлық беріледі.

Дәстүрлі іс-шара аяқталғаннан кейін жиналған қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық жобаларды қолдауға жіберіледі. 2022 жылы Қаскелең мен Талғардағы мүгедектігі бар балаларға арналған екі мектеп-интернатқа, «Солнышко» балалар үйі мен «Rehab Team» оңалту орталығына спорт нысандарын салып, қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлінді. Бұған қоса, «Одиннадцать друзей Максима» командасына «Flying Start racing Wheelchair» он жарыс арбасы табысталды.

Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Марафонға қатысу үшін almaty-marathon.kz сайтына тіркеліп, қатысу ақысын төлеу қажет. Қазіргі уақытта 21,1 км, 42,2 км қашықтыққа, скандинавиялық жүріс пен Экиден эстафетасыне тіркелуге болады.

Марафонды өткізуге байланысты 1 қазанда сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін жарыс өтетін жерлерде жолдарда көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жол қиылыстары туралы өзекті ақпаратты Алматы жолы Телеграм-каналынан  және қаланың ресми Instagram парақшасында) көруге болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир