|
19.11.2019 | 11:46
1366

«Қайрат» УЕФА чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне дайын

Онда португалиялық «Бенфика», Италияның «Песаросы» мен испандық «Эль Посо» футзал клубтары ойнайды

«Қайрат» УЕФА чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне дайын

Бұл туралы клуб басшысы мәлімдеді. Футзал мерекесі осы бейсенбі, жұма мен жексенбі күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда «Қайраттан» бөлек, португалиялық «Бенфика», Италияның «Песаросы» мен испандық «Эль Посо» футзал клубтары доп тебеді. «С» тобында өнер көрсететін алматылық ұжым соңғы жаттығулыран пысықтап, элиталық кезеңге дайын дейді клуб ұжымы .  

«Бізге қонаққа келетін командаларды сіздер жақсы білесіздер. Элиталық кезеңдегі ең тартысқа толы болатын матчтар дәл осы «С» тобында болады деп ойлаймын. Себебі, мұндағылардың барлығы осал емес. Мәселен, бір ғана «Бенфиканы» алсақ, қазіргі «Қайраттың» негізгі қарсыластарының бірі осы клуб. Біз ол ұжымды 2011 жылы Алматыда жеңген болатынбыз. Бұл жолы да ойындар тартысқа толы болады», – деді «Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат ОРАЗБЕКОВ.

«Футзал мамандарының барлығы Алматыда өтетін ойынды «Төрттік финалына» татитын матчтар болады деп айтып жатыр. Олардың сөздерінің жаны бар. Себебі, бұл топтағы клубтардың барлығы дерлік "төрттік финалында" өнер көрсетіп жүрген командалар. «Қайратқа» оңай соқпасы анық. Бірақ, біз жеңісті қолдан бермеуге барымызды саламыз», – деді «Қайрат» футзал клубының жаттықтырушысы Кака.

Айта кету керек,  «Қайрат» УЕФА чемпиондар лигасының элиталық кезеңі аясында бейсенбі «Эль Пасоға» қарсы ойын өткізсе, жұма күні яғни 22 қарашада «Песароға» қарсы, ал жексенбі күні «Бенфикамен» кім мықтыны анықтамақ. Барлық ойындар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.  

https://www.youtube.com/watch?v=3vsEhbQfapM

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир