Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады
aqorda_resmi
Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.
Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
08.09.2026 18:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
08.09.2026 21:55
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылды
08.09.2026 09:34
50 мың студент 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр
08.09.2026 10:57