Зидан маусым соңында «Реалдан» кететінін мәлімдеді
Фото: rg.ru
Осы маусымда 36 турдан кейін «Реал» 78 ұпаймен екінші орында тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
48 жастағы Зинедин Зидан маусым соңында клубтан кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөз бапкер команда Испания чемпионы бола ма, жоқ па, оған қарамастан клубтан кетуге ниетті екенін айтты.
Зидан бапкерлік мансабында екінші рет 2019 жылы команда тізгінін ұстады. Бұған дейін ол 2016 жылдан 2018 жылға дейін команданы жаттықтырған. Оның басшылығымен «Реал» үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп, екі рет Испания чемпионы атанды.
Осы маусымда 36 турдан кейін «Реал» 78 ұпаймен екінші орында тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
11.09.2026 13:00
Жерді табиғи жолмен құрғату: ең көп су тұтынатын ағаштар
11.09.2026 03:15
11 қыркүйекке арналған валюта бағамы
11.09.2026 10:04
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
11.09.2026 09:38
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16