Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді
nur.kz
Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (22-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінің хедлайнері болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ге сілтеме жасап.
Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов (10-4) болатын.
Хамитов оны негізгі жекпе-жектің бірінші раундында буындырып тастады.
Осылайша Қуат Хамтиов ММА-дағы кәсіби карьерасында 23-жеңісіне қол жеткізіп, MFC промоушнының чемпиондық белдігін иеленді.
Оның қарсыласы Роман Головинов болса, спорттағы жолында бесінші мәрте жеңілді.
Бұл Қуаттың 2021 жылғы екінші жекпе-жегі екінін атап өткен жөн. Біріншісі жекпе-жек қаңтар айында өтіп, Хамитов ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокутқа түсірген еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31