Ол үлкен шайқас ұйымдастырғысы келеді
Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 2020 жылдың мамыр айында өтуі мүмкін. Мұндай мәлімдемені DAZN стримингтік плаформасының атқарушы директоры Джо Марковски жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Марковскидің айтуынша, олар трилогияның болғанын қалайды. Ол келіссөздер «Канело» мен Ковалевпен айқасқаннан кейін бірден басталады деп мәлімдеді.
«Канело» осы келіссөздердің негізгі қатысушысы болып табылатыны анық. Ол үлкен шайқас ұйымдастырғысы келеді. Әркім трилогияны көргісі келеді. «Канело» мен GGG мұны біледі», - деді DAZN вице-президенті.