Алматыда тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты басталды

23.09.2023 17:03

Қазақстан командасы рапидте төрт алтын жүлдеге ие болды.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Алматыда ADD үстел теннисі орталығында оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты жүріп жатыр (U-15, U-17), деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің қатысуымен турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы рапидте төрт алтын жүлдеге ие болды. Чемпиондар Махмұтжан Әзімхан, Ернұр Батыр, Айдана Молдабек және Аяна Исахан.

23-24 қыркүйек блиц бойынша жарыстар өтеді, ал турнирдің соңғы күні 24 қыркүйекте жеңімпаздарды марапаттау және турнирдің жабылуы жоспарланған.  Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

Назарларыңызға рапид бойынша жарыстың қорытындылары:

U-15-Ұлдар

1. Махмұтжан Әзімхан (Қазақстан)

2. Зауытбек Орманы (Қазақстан)

3. Нұрел Сұлташев (Қырғызстан)

3. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия)

U-15-Қыздар

1. Айдана Молдабек (Қазақстан)

2. Бахиана Тұрғыналиева (Қырғызстан)

3. Еркежан Асанқұлова (Қазақстан)

3. Мадина Есқайыр (Қазақстан)

U-17-Ұлдар

1. Ернұр Батыр (Қазақстан)

2. Надир Ахметов (Қазақстан)

3. Бейімбет Сейдахметов (Қырғызстан)

3. Алехандро Даниэль Хирон Чилита (Колумбия)

U-17-Қыздар

1. Аяна Исахан (Қазақстан)

2. Балнұр Тілегенова (Қазақстан)

3. Айана Тұрғаналиева (Қырғызстан)

3. Александра Жаворонкова Амиго (Испания)

Оқи отырыңыз: Донор күні: мемлекеттік қызметкерлер 30 литр қан тапсырды