«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметкерлері дәстүрлі «Донор күні» аясында 30 литр қан тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұйымдастырған биылғы «Донор күні» қайырымдылық акциясына холдингтің және оның еншілес ұйымдарының 116 қызметкері қатысты. Барлық қажетті медициналық процедуралардан өткеннен кейін олардың 73-і донор атанып, соның арқасында 30 литрға жуық донорлық қан тапсырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен қоғам арасында донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсету.
Мұндай акция «Бәйтерек» холдингінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін паш етіп, қоғам өміріндегі белсенділіктерін де растайтын жақсы дәстүрге айналды.
Оқи отырыңызы: Елімізде көз ауруы көбейіп барады – дәрігерлер