Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кеші аясында өтті және жоспарланған алты раундқа созылды
Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кеші аясында өтті және жоспарланған алты раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ниязовқа берді.
Бұл оның кәсіпқой рингтегі 14-ші және 2017 жылдан бергі алғашқы жеңісі болды. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалды, содан кейін омыртқааралық диск жарығына, тағы пандемияға байланысты рингке орала алмады.
Ал 29 жастағы аргентиналық профи рингте бес рет жеңген және сегізінші рет жеңіліп тұр.
Еске салайық, Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ кішкентай кезінде отбасымен АҚШ-қа қоныс аударған.