Ақтөбедегі ат спорты мектебінен шу шықты. Бұл мекемеге сатып алынған тұлпарлардың құжатта көрсетілгендей асыл тұқымды емес, қарапайым, аралас қанды жылқы екені анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі былтыр көкпарға арналған 13 ат сатып алу үшін байқау жариялаған.
Талап бойынша, жылқылар таза қанды, көкпарға машықтанған болуы тиіс еді. Конкурсты екі кәсіпкер жеңіп шыққан.
Оның бірі 20 миллион теңгеге 8, екіншісі 15 миллионға 5 ат сатып алған. Бір жыл өткенде олардың талапқа сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Бұл жағдайға қатысты құзырлы органдарға арыз да түскен. Ал мектеп басшылығының айтуынша, алынған жылқылар көңілдерінен шығады. Қазірдің өзінде жақсы жетістіктерге жетіп жүр екен.
- Қазір тексеріс болып жатыр. Істің мән-жайы анықталуда.Тексеріп кетті. Біз жылқыларды көрсеттік, - дейді спорт мектебінің директоры Абат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Қырық киіктің етін тиеген көлік: мал өнімдерін тасымалдау ережесі бұзылған