WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымы рейтингісінің үшінші сатысында тұрған бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Фалькао твиттерінде Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін білдірді.
"Мен саған қарағанда таланттымын. Сен белдігімнен айырылып қаламын деп қорқып отырсың", - деп жазды бразилиялық боксшы.
Жауап ретінде «Kazakh Style» нақты ұсыныс болған жағдайда Эскивамен жұдырықтасуға қарсы емес екенін аңғартты.
"Неге мүгедек болуға асығып отырсың? Менің сені нокаутқа жіберетінімді білесің. Менімен жұдырықтасқаннан кейін белбеуге емес, мүгедектер арбасына қол жеткізесің", - деп жауап берді Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшыға басқаша жауап беріп, атағы жоқ боксшылардың оны қызықтырмайтынын айтқан болатын.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!