12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Жәнібекке берді
Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші раунд Жәнібек әлем чемпионы атағы кімге тиелісі екенін анық аңғартқысы келді. Алғашқы үшминуттықта жерлесіміз жекпе-жек барысын өз қолына алып, ринг ортасын иемденді.
Қос боксшы екінші раундты белсенді бастады. Әлімханұлы қарсыластың осал тұсын аңдып, дәл соққы бағыттай жүрді. Британ өкілі де аракідік жұдырық жұмсап үлгерген сәттер де болды.
Үшінші және төртінші раунд та Жәнібектің басымдығымен өтті. Бентлиді бұрышқа тақап, төрт-бес соққыдан құралған әдемі комбинация жасады. Қарсылас қорғануымен ғана жүрді.
Келесі үш раундта Бентли батылдық танытты. Әу баста қорқып жүргендей көрінген қарсылас Жәнібекпен тең деңгейде жұдырықтасты. Айтары бар екенін аңғартты. Шабуылға шабуыл, соққыға соққымен жауап қатты. Ал, Жәнібек бапкерлер қанша ескертсе де, бір тактиканы қолданды. Сол қолымен жойқын соққы бағыттайтын ұрымтал сәт іздеп жүрді.
Чемпионды үш раундтың алғашқысы тең өтті. Сол раундтан кейін Бадди МакГирт шәкіртінен бір сәт қана іздемей, джебпен жұмыс істеп, сериялы соққылар бағыттауын өтінді. Он бірінші раундты бапкердің айтқанын тыңдаған жерлесіміз белсенді өткізді.
Соңғы үш минуттықта Жәнібек шаршаңқы көрінді. Нокаутпен аяқтайтын ой болғанымен, білекте күш қалмаған еді.
12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Жәнібекке берді. «Қазақ стилі» WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан бокстан Азия чемпионатында үздік атанды