Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өзінің орта салмақтағы «супер чемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті үміткермен, осы санаттағы «қарапайым» белдіктің иесі кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек тағайындау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тараптарға келіссөзге 30 күн берілді – 2022 жылдың 23 қыркүйегінен 23 қазанына дейін. Головкин - Лара жекпе-жегі орта дивизиондағы жалғыз WBA әлем чемпионын анықтайды.
Бұған дейін WBA Геннадийге екінші орта салмаққа өтіп, Сауль «Канело» Альвареспен осы санаттағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласуға арнайы рұқсат берген болатын. Бірақ, ол орта салмаққа қайта оралып, Ларамен кездесуі тиіс деген шарт қойды.
GGG — «Канело» III жекпе-жегі 18 қыркүйекте өтіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен мексикалықтың жеңісімен аяқталды.
Егер белгіленген мерзімде Головкин мен Лара жекпе-жек туралы келісе алмаса, GGG пайдасына 75%-дан 25%-ға дейінгі арақатынаста кірістерді бөле отырып, промоутерлік сауда-саттық тағайындалады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!