Boxingscene.com журналисі Джейк Донован WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен орта салмақтағы мексикалық Хайме Мунгияның жекпе-жегі жақын арада болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Күні кеше Мунгия қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен WBO санкциялаған жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.
Мунгия бұған дейін BoxingScene.com-ға WBC орта салмақтағы чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) және WBA/IBF біріккен чемпионы Геннадий Головкинмен үлкен жекпе-жек өткізгісі келетіні туралы айтқан болатын. Соңғы нұсқа бойынша жекпе-жектің өтуі екіталай. Өйткені Головкинге (42-2-1, 37 КО) екі міндетті титулды қорғау жүктелген. IBF рейтингісіде бірінші Эскива Фалькаомен келіссөздер жалғасып жатыр. Содан кейін жеңімпаз WBA-ның міндетті қарсыласы және кіші чемпионы Эрисланди Ларамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін бұл жекпе-жекке тапсырыс берілген болатын. Алайда рұқсат етуші органдар Фалькаоға ротацияда бірінші болуға рұқсат берген кезде жекпе-жек кейінге қалдырылған.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!