Қазақстандық шахматшылар екі алтын алды

12.11.2023 17:18

Әуесқойлар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті

Сурет: elements.envato.com

Оман мемлекетінің астанасы Маскатта шахматтан әуесқойлар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Швейцариялық жүйе бойынша өткен сында Қазақстан құрамасы 2 алтын медальмен жалпы есепте 2-орын алды.

23 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Әбілмансұр Әбділқайыр (ерлер) мен Арнаш Бауыржан (әйелдер) чемпион атанды.

Көш басында барлығы 6 медаль (оның төртеуі алтын) алған Моңғолия тұрса, Үндістан үздік үштікте (2 күміс, 1 қола).

FIDE ұйымдастырған дода 3 жас санаты бойынша (U17, U20, U23) өтті.

Биыл барлығы 8 елдің ойыншысына жүлде бұйырды.

Оқи отырыңыз: Шетелдік журналистер оған жаңа Геннадий Головкин деген ат қойды