|
27.11.2019 | 12:21
1205

«Манчестер Юнайтед» Астанаға қарсы ойынға резервтегі командасын алып келді

«Астана» – «Манчестер Юнайтед» матчы 28 қарашада өтеді

«Манчестер Юнайтед» Астанаға қарсы ойынға резервтегі командасын алып келді

Құрамдағы ең танымал футболшылар - Люк Шоу мен Джесси Лингард. Англиялық спортшылар отырған ұшақ бас қалаға бүгін таңғы сағат 4-тен 20 минут кеткенде қонған. «МЮ» делегациясына 100-ге жуық адам кірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Футболшы, бапкерлер мен клуб қызметкерлерінен бөлек, чартер ұшағының бортында БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер болды. Әуежайда команданы бірнеше фанат күтіп алды, бұл уақытта елордада ауа температурасы минус 13 градус болған. Екінші құрамды алып келген МЮ бапкері Сульшер, жас спортшыларды шыңдалсын деді ме, әлде негізгі ойыншыларды маңызды ойынға сақтағысы келді ол тек өзіне белгілі.

Айта кетейік, Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы «Астана» – «Манчестер Юнайтед» матчы 28 қарашада өтеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 21:45-те.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир