Алматыда шахматтан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты еліміз үшін жемісті аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа 7 мен 18 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Дүбірлі додада отандастар 25 медаль, оның ішінде 12 алтын қанжылаған. 33 елден 650-ге жуық жас шахматшы классика, рапид және блицте бақ сынасты. Ауқымды іс-шара Туризм және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясы, қала әкімдігі, Қазақстан теннис және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
– Медаль көрсеткіші жағынан үлкен нәтиже көрсеткен чемпионат болды. Рекорд орнаттық. Осы қарқынды сақтап қалуымыз керек. Бұл – еліміз үшін үлкен жеңіс. Жастарымыздың әлем елдерінің шахмат майталмандарымен бақ сынасуы үшін әрі Қазақстанның беделін жоғарылату үшін мұндай сайыстар ұйымдастыруды жалғастыра береміз, – деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Оқи отырыңыз: Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды