|
03.01.2024 | 12:23
712

Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатты

2023 жылы 54 гол салып, жылдың үздік сұрмергені атанған

Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатты elements.envato.com

Футболдан Португалия құрамасының және саудиялық "Әл-Наср" клубының капитаны Криштиану Роналду тағы да әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sport.ua сайтына сілтеме жасап. 

38 жастағы португалиялық футболшының "Әл-Тавун" клубына қарсы ойыны оның кәсіби мансабындағы 1200-матчы болды. Осылайша, Роналду алаңдағы ойыншыларға арналған тарихи рекордқа қол жеткізді. Роналду осы уақытқа дейін 7 командада ойнады: "Спортинг" Б (2 матч, 0 гол), "Спортинг" (31 матч, 5 гол), "Манчестер Юнайтед" (346 матч, 145 гол), "Реал" Мадрид (438 матч, 450 гол), "Ювентус" (134 матч, 101 гол), "Әл-Наср" (44 матч, 38 гол) және футболдан Португалия ұлттық құрамасы сапында (205 матч, 128 гол).

Кәсіби футболда ең көп матчты қақпашылар Питер Шилтон (1217) мен Рожерио Сени (1225) өткізген екен. 

Еске салайық, Роналду 2023 жылы 54 гол салып, жылдың үздік сұрмергені атанған еді. Сонымен қатар дубль саны бойынша Мессимен теңесті. 

Оқи отырыңыз: UFC-дің басты белбеуін алып, чемпион болуға дайынмын - Шавкат Рахмонов

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир