14 қыркүйек «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850 шақырымды бағындырмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұдан бөлек, Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер «Рекорд» деген атау беріп, арнайы 13-команда ретінде тіркеп, нәтижесін күнделікті белгілеп отыр.
«Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, келер жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар. 1300 шақырымды 1 атпен аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі Гиннес кітабына бұрын-соңды болмаған рекорд ретінде енгізуге сұранып тұр.
Айта кетейік, алда 5 кезең, яғни 450 шақырым қалды.
Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында 7 автобустың бағыты ұзартылды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!