Жеңілмеген қазақ боксшысы венесуэлалық қарсыласын тізе бүктірді (видео)

Suleimen Promotions
Suleimen Promotions
10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Красноярсктегі бокс кешінің андеркартында өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екінші орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental титулдарының иегері, боксшы Айдос Ербосынұлы венесуэлалық қарсыласы Омар Гарсияны жеңіп, атақтарын сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Красноярсктегі бокс кешінің андеркартында өтті.

Айдос Ербосынұлы мен Омар Гарсия арасындағы кездесу сегізінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жек барысында қазақ боксшысы қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, нәтижесінде төрешілер кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.

Айдос Ербосынұлы үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 13-ші (сегіз нокаут) жеңісі болса, 29 жастағы Гарсия мансабында үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Ол шаршы алаңда 15 рет (12 нокаут) жеңіске жеткен.

Айта кетсек, қазақстандық боксшының бұл Ресей жеріндегі екінші жеңісі. Жалпы Айдос кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастаған. Ол екі жекпе-жегін Украинада, тағы екеуін АҚШ-та, алты рет Қазақстанда және бір рет Австралияда өткізген.


View this post on Instagram

Казахстанец Айдос Ербосынулы нокаутировал венесуэльца Омара Гарсию и защитил титулы WBO Global, WBC Asia и WBA Inter-Сontinental во втором среднем весе, сообщают @Vestikzsport. ⠀ Бой в российском Красноярске был рассчитан на 10 раундов, но завершился в восьмом техническим нокаутом. ⠀ Для 27-летнего Ербосынулы эта победа стала 13-й (восемь нокаутом) в 13 боях, а 29-летний Гарсия потерпел третье поражение, причем все в России - в его активе 15 побед (12 нокаутом) ⠀ #boxing #kaz #kz #kazakhstan #казахстан #russia #россия #wbo #wbc #wba #kazboxing #kzboxing #ербосынулы #спорт #бокс #sport #венесуэла #vestikz

A post shared by Vesti.kz (@vestikzsport) onDec 21, 2019 at 6:59am PST




Новости партнеров