Қарсыласы жарақат алды: Қоңқабаев Алматыда өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Пресс-служба НОК Казахстана
Қазақ боксшысы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулын қорғайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оңтүстік Африка боксшысы Джонни Мюллер (23-9-2, 14 КО) жарақат алуына байланысты қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының мәліметіне қарағанда, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 25 наурызда Қоңқабаев 29 жастағы өзбекстандық Фаррух Джураевпен (6-5-1, 2 КО) жұдырықтасады. Қазақ боксшысы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулын қорғайды.
Джураев кейінгі жекпе-жегін 6 қарашада өткізіп, қазақстандық Бекзад Нұрдәулетовтен жеңіліп қалған болатын.
Қоңқабаев WBA Gold титулын 2021 жылы 11 желтоқсанда еншілеген, ол кезде ұлыбританиялық Стивен Уордты (12-2, 4 КО) жеңді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53