Бүгін 17 қыркүйекте "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің 12 кезеңі Қызылорда облысы Шиелі ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Таңғы сағат 07:00-ден 8 команда кезекті 100 шақырымды бағындыруға аттанды. Маңғыстау облысы командасы аттарының шаршап қалуына байланысты старт сызығына келмеді.
Бұған дейін, 11-кезеңде Маңғыстау облысының команда капитаны жарыстан шығып қалып, "Көкмойнақта" 3 ат қалғанын хабарлаған едік. 11-кезең бойы үздік болып келген маңғыстаулықтар тәуекелге бармай, аттарын зорықтырмай, келесі жылғы марафон-бәйгеге тыңғылықты дайындауды жөн санағанын жеткізді.
11 кезең нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысының "Көкмойнақ" командасы 18 команданы шаңына да ілестірмей келген. 1050 шақырымды артта қалдырып, финишқа 250-ақ шақырым қалғанда мұндай шешімге келуі - күтпеген жағдай болды. Аттары жорықты жалғастыруға жарап тұрса да, жорықты тоқтатуы - атақ-абырой, жеңіс пен жүлдеден аттарының амандығын алдыңғы орынға қоятынын сездірді.
Бүгінде экс-чемпиондардың орнын Қостанай облысының командасы басты.
Енді Адай жылқысының абыройы 1300 шақырымды 1 атпен бағындыруды мақсат еткен "Рекорд" командасындағы маңғыстаулық шабандоздың мойнында.
Бұдан бөлек командадан тыс 4 шабандоз белгіленген межені еңсеруге жалғыз жорытып барады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!