Алматыда «Tour of Almaty-2019» халықаралық веложарысы өтеді

открытые источники
открытые источники
Спортшылар үш сағатта 118,6 шақырымға жарысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан айтулы жарысқа әлемнің 20 командасы қатыспақ. Жалпы жүлде қоры 40 мың еуро болатын велошабандоздардың жарысы екі кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алғашқы күні бәсекеге шығатын спортшылар үш сағатта 118,6 шақырымға жарысса, сенбі күні 160 шақырымды жүріп өтпек. Кәсіби спортшылардың бәсекесінде ел намысын Алматы командасынан бөлек құрамында 7 шабандозы бар «Астана» велокомандасы да қорғайтын болады.  

«Спортта алдын ала айта алмайсыз. Дәстүрлі «Газпром русвело» деген команда қатысып жатыр және олар проконтиненталды командалар. Италиядан, Франциядан мықты құрамалар келіп жатыр. Әрине Қазақстан командаларына көп үміт артамыз. Бірақ бұл велоспорт, бұнда күтпеген әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін», – дейді ҚР Велоспорт федерациясының техникалық  директоры  Жандос БАЛТИН.

Новости партнеров