Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықованы құттықтады
открытые источники
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықованы құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова Францияның солтүстігі мен Британия аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазын гидрокостюмсіз жүзіп өтті. Ол 38 шақырымды 15 сағат 15 минутта еңсерген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37