Серік Теміржанов: жеңісімді халқыма арнаймын
olympic.kz
Ол Амманда өтіп жатқан іріктеу турнирінде 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Токио Олимпиадасына жолдама алды. Ол Амманда өтіп жатқан іріктеу турнирінде 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты. Серік Теміржанов жарыстан кейінгі әсерімен бөлісіп, іріктеу жарысы туралы айтып берді, деп хабарлайды olympic.kz.
"Жеңіске жетіп, жолдама иегері атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл жеңісті халқыма арнаймын. Мен енді мұнымен тоқтап қалмаймын, келесі кездесулерге дайындаламын. Осы турнирдің жеңімпазы атану үшін техника мен тактикалық тұрғыда әлі де дайындықты үдету керек. Жартылай финалда әлем чемпионымен кездесемін. Бірінші қарсыласым Ирак спортшысы болды. Екінші қарсыласым Иран боксшысы еді. Ол менен кіші болса да, әлдеқайда мықты екенін байқатты", - дейді Теміржанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34